Мегалодон Мегалодон — жойылып кеткен акуланың бір түрі, ежелгі олигоценнен плейстоценге дейін өмір сүрген. Толық мәлемет Мегалодон акулалардың арасындағы ең үлкен және мықтысы болған. Бойы 16 метр және салмағы, мүмкін, 47 тоннаға дейін болатын. Тістеу күші 10,8 тоннаға дейін болуы мүмкін. Қазбалардың мәліметі бойынша, мегалодон бүкіл жер шарында өмір сүрген. Бұл ағза тізбегіндегі ең басында тұратын жыртқыш болған. Табылған сүйектер бойынша, мегалодон ең ірі жануарлармен қоректенетін. Мегалодон — тарихта плиозавр, мозазавр, дунклеостей, базилозавр, дейнозух, саркозух және кронозаврлармен бірге ең қауіпті жыртқыштардың бірі болған. Таралуы Мегалодонның сүйектері Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Пуэрто-Рико, Куба, Ямайка, Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония, Африка, Мальта және Үндістанда табылған.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Мегалодон · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.