Пернебек Момынұлы Момынов (1931 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында туған) — музыка зерттеушісі, өнертанушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.
Толығырақ Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасы Шымыр руынан. Пернебек Момынұлы 1931 жылы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында дүниеге келген. 1951 - 1956 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген. 1956 - 1961 жылдары Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыкалық колледж директоры. 1961 - 1964 жылдары Алматы музыкалық колледжінің мұғалімі. 1964 - 1968 жылдары Қазақ КСР Білім министрлігінің "оқу-әдістемелік және эстетикалық музыкалық жұмыс" бөлімінің меңгерушісі. 1968 - 1981 жылдары А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыка мектеп-интернатының директоры. 1981 - 1986 жылдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бөлім меңгерушісі, декан, доцент лауазымдарын атқарған. 1986 - 1990 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы. 1990–2008 жылдары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі Бүгінде Қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының профессоры.
Шығармашылығы Пернебек Момынұлы «Ән-музыка оқулығы, 3-класс» (1967 ж.), «Музыканы тыңдап, түсіне білу» (1969 ж.), «Ән музыка сабағы 6-класс оқулығы» (1974 ж.), «Музыка әлеміне саяхат» (1982 ж.), «Преподавание музыки в начальных классах в общеобразовательных школах Казахстана» (1982 ж.), «Мектеп оқушылары мен студент жастардың музыкалы-эстетикалық тәрбиесі мен білім беру педагогикалық проблемалары» (1993 ж.), «Музыкалы-эстетикалық тәрбие. 1-2 том» (2002 ж.) және т.б кітаптардың авторы.
Марапаттары 1970 жылы "Қажырлы еңбегі үшін Ленінің туғанына 100 жыл" медалі "Ұлы отан соғысна 65, 70 жыл" медалі "Еңбек ардагері" медалі және т.б медалдарымен марапатталған. Қазақ КСР Оқу ағатру ісінің үздігі; ҚР Білім беру ісінің Үздігі; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағының иегері; Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры; Педагогика ғылымдарының кандидаты; доцент;
Оқушылары Арыстанбек Мұхамедиұлы, Шілдебаева.П, Ешекеев.М, Досаева.А және т.б танымал өнер жұлдыздары.
Санат:Қазақстан музыкатанушылары Санат:Қазақстан өнертанушылары Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы түлектері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясының профессорлары Санат:Қазақстан білім беру ісінің үздіктері Санат:Қазақстан білім беру ісінің құрметті қызметкерлері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Еңбек ардагері медалінің иегерлері