«Шальке 04» () — Германиядағы футбол командасы. Гельзенкирхен қаласынан. Үйдегі ойындарын "Фелтинс-Аренада" өткізеді.

Тарихы Клубтың ең алғашқы атауы — «Вестфалия Шальке». 1912 жылы "Вестфалия Шальке" командасы мен "Шальке 1877" командалары өзара бірігеді. Клубтың сол кездегі жанкүйерлері негізінен кеншілер болғандықтан, "Кеншілер" атауы команданың лақап атына айналып кетеді. Команда 1924 жылы жаңа атауға ие болды — FC Schalke 04. 1929 жылы бірінші рет Батыс Германия чемпионатында топ жарды. Арада бес жыл өткен соң бірінші рет ұлттық чемпионатта алтыннан алқа тақты.

Еурокубоктердегі ең керемет табысы ретінде 1996/97 жылғы маусымдағы УЕФА Кубогын айтуға болады. Финалда Италияның "Интерін" екі матчтан соң (1:0, 0:1) пенальтилер арқылы ұтып, кубокты олжалады. 2011 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасының жартылай финалына дейін жетіп, "Манчестер Юнайтедтен" ұтылып қалды - 1:4, 0:2. Чемпиондар Лигасындағы ең үлкен табысы әзірше осы.

2020/21 жылғы маусым қорытындысында Екінші Бундеслигаға түсіп кетті.

Клуб осы күнге дейін бірнеше рет стадион ауыстырды. Алғаш пайдаланған аренасы — "Глюкауф-Кампфбан" (1928-73 жж). 1973 жылы "Паркштадионға" көшті. Ол стадионды 2002 жылға дейін пайдаланды. 2002 жылдан бері "Фелтинс-Арена" (немесе, "Ауф-Шальке") стадионын пайдаланады.

Жетістіктері Германия чемпионы (7): 1933/34, 1934/35, 1936/37, 1938/39, 1939/40, 1941/42, 1957/58 Германия кубогы (5): 1936/37, 1971/72, 2000/01, 2001/02, 2010/11 Германия суперкубогы (1): 2011 УЕФА кубогы (1): 1997 Интертото кубогы (2): 2003, 2004

Құрамы Ғасыр құрамасы 2004 жылы клубтың жүз жылдығына орай жанкүйерлер арасында сауалнама жүргізіліп, клубта ойнаған таңдаулы футболшылардан құралған "Ғасыр символикалық құрамасының" тізімі анықталды. АзаматтығыПозицияФутболшыТуған жылыққ Норберт Нигбур 1948 қр Клаус Фихтель 1944 қр Рольф Рюссман 1950 қр Олаф Тон 1966 жқ Фриц Шепан 1907 жқ Эрнст Куцорра 1905 жқ Инго Андербрюгге 1964 жқ Марк Вильмотс1969 ш Рюдигер Абрамчик 1956ш Райнхард Либуда 1943ш Клаус Фишер 1949

Сыртқы сілтемелер Клубтың ресми сайты

Санат:Германия футбол клубтары Санат:1904 жылы құрылған футбол клубтары Санат:Шальке 04 ФК