Адам Салаи (венг. Szalai Аdаm; 9 желтоқсан 1987 жыл, Будапешт, Мажарстан) — мажар футболшысы, Мажарстан Ұлттық футбол құрамасының шабуылшысы. Бүгінде Германияның "Хоффенхайм" клубында өнер көрсетеді.

Карьерасы Карьерасында бірнеше клубтарда ойнады. 2007-10 жылдары "Реал Мадрид Кастилья" клубында ойнап, 77 рет алаңға шықты. 2010 жылы Германияның "Майнц" клубына ауысқан соң, тек германиялық командаларда ойнап келеді.

Ұлттық құрама сапындағы алғашқы кездесуін 2009 жылы 11 ақпанда Израиль құрамасына қарсы өткізді. 2010 жылы 8 қазанда Сан-Марино құрамасының қақпасына құрама сапындағы алғашқы голдарын енгізді. Бұл матчта Салай хет-трик жасады.

Құрама сапында бүгінге дейін 43 рет алаңға шығып, 15 гол соққан.

Статистикалары Бүкіл карьерасында 284 ресми ойында алаңға шығып, 71 рет гол соққан. Сілтемелер

Санат:Алфавит бойынша футболшылар Санат:Мажарстан футболшылары Санат:1987 жылы туғандар Санат:Будапештте туғандар Санат:Мажарстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Хоффенхайм ФК ойыншылары Санат:Майнц 05 ФК ойыншылары Санат:Шальке 04 ФК ойыншылары