Флориан Альберт (; 15 қыркүйек 1941, Херцегсанто — 31 қазан 2011, Будапешт"Алтын доп иегері өмірден өтті" ) — мажар футболшысы, шабуылшы.

Мансабы "Алтын доппен" марапатталған жалғыз мажар футболшысы. Бүкіл карьерасында тек «Ференцварош» (1958—1974) клубында ғана ойнаған.

1962 жылғы әлем чемпионатында 4 гол соғып, Вава, Гарринча, Дражан Еркович, Валентин Иванов, Леонель Санчес секілді футболшылармен бірге турнирдің сұрмергені атанды.

Будапештегі "Ференцварош" клубының өз алаңындағы матчтарын өткізетін стадионы 2007-2013 жылдары Флориан Альберттің атымен аталды. Қазір ол стадионның орнына "Групама Арена" стадионы салынған.

Жетістіктері Командалық Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1964 Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 1960 Жәрмеңкелер кубогы: 1965 Мажарстан чемпионы: 1963, 1964, 1967, 1968 Мажарстан кубогы: 1972 года

Жекелей Еуропаның үздік футболшысы 1967 Мажарстанның үздік футболшысы 1966, 1967 Әлем чемпионатының сұрмергендерінің бірі: 1962 Мажарстан чемпионатының сұрмергені: 1960, 1961, 1965 "Алтын доп" иегері: 1967

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Мажарстан футболшылары Санат:Мажарстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Мажарстан футбол жаттықтырушылары Санат:Ференцварош ФК ойыншылары Санат:1960 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Санат:Алтын доп иегерлері