Дидье Клод Дешам (; 15 қазан 1968 жыл, Байонна, Франция) — француз футболшысы, бапкер. 2012 жылдан бері Франция Ұлттық футбол құрамасының бас бапкеріhttp://www.fff.fr/bleus/actu/542557_didier-deschamps-selectionneur-de-l-equipe-de-france .

Мансабы 1998 жылы әлем, 2000 жылы Еуропа чемпионы атанды. Осы екі чемпионатта да құрама капитаны ретінде өнер көрсетті.

2001 жылы "Валенсия" сапында ойнап жүріп, карьреасын аяқтады да, бірден бапкерлік жолын бастап, "Монаконың" тізгінін ұстады. "Монаконы" жаттықтырып, 2004 жылы УЕФА Чемпиондар Лигасының финалына шықты. 2006 жылы "Ювентус" Италия футболындағы жанжалдан кейін Б сериясына түсіп кетті де, Дешам бапкер боп тағайындалып, бір маусымнан соң клубты қайтадан А сериясына алып шықты.

2018 жылы бапкер ретінде әлем чемпионы атанды. Одан бөлек 2016 жылғы Еуропа біріншілігінде құрама финалға дейін жетті. Бапкер ретінде де, футболшы ретінде де әлем чемпионы атанып, бұған дейінгі Марио Загалло мен Франц Беккенбауэрдің жетістігін қайталады.

Жетістіктері Ойыншы ретінде «Марсель»

Франция чемпионы (2): 1989/90, 1991/92 УЕФА Чемпиондар Лигасы: 1993

«Ювентус»

Италия чемпионы (3): 1994/95, 1996/97, 1997/98 Италия кубогы: 1995 Италия суперкубогы (2): 1995, 1997 Құрлықаралық кубок: 1996 УЕФА Чемпиондар Лигасы: 1996 УЕФА Суперкубогы: 1996

«Челси»

Англия кубогы: 2000

Франция құрамасы

Әлем чемпионы: 1998 Еуропа чемпионы: 2000 Еуропа қола жүлдегері 1996

Бапкер ретінде «Монако»

Француз Лигасының кубогы (1): 2003

«Ювентус»

«Марсель»

Франция чемпионы (1): 2010 Француз лигасының кубогы (3): 2010, 2011, 2012 Франция суперкубогы (2): 2010, 2011

Франция құрамасы

Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2016 Әлем чемпионы: 2018

Жеке Франциядағы жыл футболшысы (1): 1996 ФИФА 100 (1)

Дереккөздер

Сілтемелер Сайт футбольной истории

Санат:Франция футболшылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Нант ФК ойыншылары Санат:Бордо ФК ойыншылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Монако ФК жаттықтырушылары Санат:Ювентус ФК жаттықтырушылары Санат:Олимпик Марсель ФК жаттықтырушылары Санат:Франция футбол жаттықтырушылары