Фабьен Ален Бартез (; 28 маусым 1971 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3289, Лавлан, Франция) — франциялық футболшы, қақпашы. 1998 жылғы әлем чемпионы, 2000 жылғы Еуропа чемпионы.
Карьерасында "Тулуза", "Монако", Манчестер Юнайтед", "Нант" командаларының қақпасын қорғаған.
Мансабы Ұлттық құрама Ұлттық құрама сапында 1994, 2006 жылдары ойнады. Алғашқы ойынын 1994 жылы 26 мамыр Аустралияға қарсы өткізді. 1996 жылғы Еуропа чемпионатына барғанымен, Бернар Ламаның көлеңкесінде қалып, қосалқы құрамды отырды. Ал, 1998 жылғы әлем чемпионатына дейін негізгі қақпашы ретінде құрамаға орнығып үлгерді. Чемпионаттағы жеті ойынның бәрінде де алаңға шығып, екі доп қана жіберді (оның біреуі пенальтиден). Бұл чемпионатта Франция құрамасы алтын жүлдені иеленді.
Бартез ЕУРО-2000, ӘЧ-2002, ЕУРО-2004 турнирлеріне негізгі қақпашы ретінде барып, орнан ешкімге бермеді. ЕУРО-2004 турниріндегі Францияның сәтсіздігінен соң құрамадағы карьерасын аяқтады. Бірақ ӘЧ-2006 іріктеуінде құрама тым нашар ойнап, Бартез Франция Футбол федерациясының өтінішімен құрамаға қайта оралды. Оның керемет ойыны Францияға әлем чемпионатына жолдама әперді.
2006 жылғы әлем чемпионатында Бартез барлық ойында құрама қақпасын қорғады. Құрама финалда Италиямен тең ойнады да, пенальтилер сериясында ұтылып қалды. Бартез бір соққыны да қайтара алмай, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Осы ойыннан соң Бартез құрамадағы карьерасын біржола аяқтады.
Жетістіктері
Командалық Олимпик (Марсель)
Чемпиондар лигасы: 1992/93 УЕФА кубогының финалисі: 2003/04 Интертото кубогы: 2005
Монако
Франция чемпионы: 1996/97, 1999/00 Франция суперкубогы: 1997
Манчестер Юнайтед
Англия чемпионы: 2000/01, 2002/03
Франция құрамасы
Әлем чемпионы: 1998 Еуропа чемпионы: 2000 Конфедерация кубогы: 2003 Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 2006
Жеке
Лев Яшин жүлдесінің иегері: 1998 Әлем чемпионатының симвликалық құрамы: 1998 УЕФА версиясы бойынша Еуропаның үздік қақпашысы: 1998 МФФИИС версиясы бойынша әлемнің үздік қақпашысы: 2000 Еуропа чемпионатының символикалық құрамы: 2000 Құрмет легионы орденінің кавалері: 1998
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Франция футболшылары Санат:Тулуза ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Нант ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары