Артём Владимирович Милевский (, ; 12 қаңтар 1985,https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/9800 Минск) — беларусьтік және украиналық футболшы, шабуылшы.

Карьерасы 2006 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. 1/8 финалда Швейцариямен ойыннан кейінгі пенальтилер сериясында "Паненка стилімен" гол соқты. Пенальтилер сериясында Украина 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Беларусь жастар құрамасында ойнаған. 2002 жылы Киевке ауысардан алдын Украин азаматтығын алды. Бірақ Беларусь тарапы оған қарсылық білдірді. Дау туындап, бұл мәселеге ФИФА президенті Йозеф Блаттердің өзі араласты. Бірнеше келіссөздерден соң Беларусь тарапы Милевскийден бас тартты да, футболшы енді Украина құрамасы сапында ойнауға мүмкіндік алды.

Кейін Милевский 2012 жылғы Еуропа чемпионатына да қатысты.

Жетістіктері

Клубтық

Украина чемпионы (3): 2003/04, 2006/07, 2008/09 Украина кубогы (4): 2002/03, 2004/05, 2005/06, 2006/07 Украина суперкубогы (3): 2006, 2009, 2011 Беларусь суперкубогы (1): 2018 Беларусь кубогы (1): 2017/2018 Ресей чемпионатының күміс жүлдегері (1): 2016/17

Ұлттық

ӘЧ-2006 ширек финалисі Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері (U-21): 2006 Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының қола жүлдегері (U-19): 2004

Жеке

Украина чемпионатының үздік мергені: 2009/2010 — 17 гол Украинадағы жыл футболшысы: 2008, 2009. Олег Блохин клубының мүшесі: 116 гол Украинадағы Алтын доп иегері: 2009. Дереккөздер

Сілтемелер Милевский: «Лучшая женщина — это Лига чемпионов!» Подробности процедуры смены гражданства Милевским

Санат:12 қаңтарда туғандар Санат:Минскіде туғандар Санат:Украина футболшылары Санат:Беларусь футболшылары Санат:Борисфен ФК ойыншылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары Санат:Газиантепспор ФК ойыншылары Санат:Хайдук Сплит ФК ойыншылары Санат:Сплит ФК ойыншылары Санат:Конкордия ФК ойыншылары Санат:Динамо Брест ФК ойыншылары Санат:Кишварда ФК ойыншылары Санат:Тосно ФК ойыншылары Санат:Украина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары