Андреас Кристенсен (; 10 сәуір 1996 жыл, Лиллерёд, Дания) — даниялық футболшы, "Барселона" клубы мен Дания құрамасының қорғаушысы. 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.

Мансабы "Брондбю" клубының түлегі. 16 жасында "Челсидің" жасөспірімдерді дайындайтын академиясына ауысты. 2014 жылы карьерасын осы Челси клубында бастады. Челсиде жүріп көптеген ірі турнирлерде топ жарды. 2022 жылы еркін агент ретіңде Челси сапынан кетті.

2015 жылы "Боруссия Менхенгладбах" клубына жалға берілді де, екі маусымнан соң "Челсиге" оралды. Өзінің кәсіпқой деңгейдегі тұңғыш голдарын "Боруссия" сапында жүріп соқты.

2022 жылы еркін агент ретінде "Барселона" футбол клубының сапына қосылды.

Ұлттық құрамада Данияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнаған. Ұлттық құрамада тұңғыш рет 2015 жылы 8 маусымда Черногорияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.

Жетістіктері Командалық

Челси Англия Лига кубогы: 2015 Англия кубогы: 2017/18 УЕФА Еуропа лигасы: 2018/19 УЕФА Чемпиондар Лигасы: 2020/21 УЕФА Суперкубогы: 2021 Клубтар арасыңдағы әлем чемпиноты: 2021

Барселона Испания чемпионы: 2022/23, 2024/25 Испания кубогы: 2024/25 Испания суперкубогы: 2023, 2025

Жеке Даниядағы жыл таланты: 2015

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі (Worldfootball.net)

Санат:Дания футболшылары Санат:Дания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Брондбю ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Боруссия Менхенгладбах ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары