Алмас Жақанұлы Құлшынбаев (20 қазан 1975 жылhttp://footballfacts.ru/players/154612 , Кентау, Шымкент облысы) — қазақ футболшысы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы "Намыс" футбол клубының түлегі. 1994 жылы "Қайрат" клубының сапына қабылданды. 2001 жылы "Қайраттан" "Ордабасыға" ауысты.
2002 жылы "Ақтөбеде" азырақ ойнады да, карьерасын не-бары 27 жасында аяқтады.
"Қайратта" ойнап жүріп 1997 жылы Ұлттық құрамаға шақыртылды.
Құрама сапында 1998 және 2002 жылғы әлем чемпионатының іріктеулеріне қатысты.
Бапкерлік карьерасы 2009 жылы Қаскелеңнің "Сұңқар" клубына аға бапкер боп тағайындалды. Келесі маусымда бас бапкер қызметіне орналасты.
2015 жылы "Жетісу" бапкері қызметіне тағайындалды.
Дереккөздер
Сілтемелер Алмас Құлшынбаев — «Жетісудың» бас бапкері А. Ж. Құлшынбаев
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Намыс ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Қызылжар ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:Сұңқар ФК жаттықтырушылары Санат:Спартак Семей ФК жаттықтырушылары Санат:Жетісу ФК жаттықтырушылары