Мұсылманбек Жұманұлы Сейітов (1887,Омбы қ. — 7.12.1937, Өскемен) — Алаш қозғалысының қайраткері.

Өмірбаяны Омбы мұғалімдер семинариясында оқыған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін Омбыда мұғалім, Павлодар облысында экономист болып еңбек етті. 1937 ж. саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.

Қоғамдық жұмысы “Бірлік” ұйымының белсенді мүшесі болып, “Балапан” журналының шығуына атсалысты. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін қазақтардың саяси белсенділігін арттыру жолында Омбы облыстық қазақ комитетінің құрамына кірді. Бірінші жалпықазақтық съезінде Омбы облысы қазақтары атынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. Алаш партиясының мүшесі болды. “Үш жүз” партиясын қазақтар арасындағы тұтастыққа нұқсан келтіреді деп санады.

Дереккөздер

Санат:1887 жылы туғандар Санат:Омбыда туғандар Санат:7 желтоқсанда қайтыс болғандар Санат:1937 жылы қайтыс болғандар Санат:Өскеменде қайтыс болғандар Санат:Алаш Орда қайраткерлері Санат:Саяси қуғын-сүргін құрбандары Санат:Омбы мұғалімдер семинариясы түлектері Санат:Бірлік ұйымының мүшелері Санат:Бірінші жалпықазақтық съезінің қатысушылары Санат:Алаш партиясы мүшелері