Карстен Янкер (; 28 тамыз 1974https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/202, Гревесмюлен, ГДР) — германиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.

Мансабы Германия ұлттық футбол құрамасы сапында 2000 жылы Еуропа чемпионатына, 2002 жылы әлем чемпионатына қатысты. 2002 жылғы әлем чемпионатының финалисі.

Карьерасында Германия, Аустрия, Италия, Қытай чемпионаттарында доп тепті. "Бавария" сапында алты маусым ойнап, клубтық деңгейдегі көптеген жүлделерге (Германия чемпиондығы, Германия кубогы, Чемпиондар лигасы, Құрлықаралық кубок) ие болды.

2009 жылы "Маттерсбург" сапында жүріп карьерасын аяқтады да, 2013 жылы бапкерлікке кірісті. Кейін бірнеше аустриялық клубтардың бас жаттықтырушысы болды.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде Рапид (Вена)

Аустрия чемпионы: 1995/96 Кубок иелері кубогы финалисі 1995/96

Бавария

Чемпиондар лигасы: 2000/01 Құрлықаралық кубок: 2001 Германия чемпионы: 1996/97, 1998/99, 1999/00, 2000/01 Германия кубогы: 1998, 2000

Германия

Әлем чемпионатының вице-чемпионы: 2002

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Кельн ФК ойыншылары Санат:Рапид Вена ФК ойыншылары Санат:Бавария ФК ойыншылары Санат:Удинезе ФК ойыншылары Санат:Кайзерслаутерн ФК ойыншылары Санат:Шанхай Шенхуа ФК ойыншылары Санат:Маттерсбург ФК ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары