Зормата ауылы — Атырау облысы, Құрманғазы ауданы жеріндегі ежелгі қоныс. Бөкей хан заманында ең шұрайлы, ырысы мол, құнарлы жайлауы, өрісі малға толы аймақ болған.

Мерәлі (Мұхит әншінің әкесі) хакім еліне кетіп, билік Биляшқа көшкеннен кейін ол Дархан ауылындағы орданы (ставканы) бірден Зорматаға көшіртеді. Ол жерден Шора өзенінің жағасынан еңселі биік кеңсе салдырады. Екінші Примор округының соңғы басқару орталығы осы жаңа үйге орналасады. Бұл ғимарат кеңес үкіметі орнағаннан кейін мектепке айналдырылып, Сталин атындағы орта мектебі аталады.Киелі мекен, қасиетті өлке -Құрманғазы. Ағатай баспасы, Атырау-1920 ж. ISBN 978-601-7861-86-5 Зормата 2008 жылдан бастап Жыланды ауылының құрамына енгізілді.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V08T0002528

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы Санат:Атырау облысы қоныстары Санат:Құрманғазы ауданының таратылған елді мекендері