Карбондау«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том — 1) әртүрлі ерітінділерді көмірқышқыл газымен қанықтыру процесі; 2) жүнге жабысқан шөп-шалам мен тікенді немесе жартылай жүн маталардағы өсімдік талшықтарын күкірт қышқылының ерітіндісімен өңдеп ыдырату үшін қолданылатын химиялық әдіс;

Жүн күкірт қышқылының 4%-дық ерітіндісінде жібітіліп, 105 – 110С-та кептіріледі. Қышқыл әсерінен өсімдік талшықтары ыдырайды да, гидроцеллюлозаға айналады. Ол механикалық жолмен жүннен оңай ажыратылады.

Қолданыс аясы Карбондау процесі сода өндірісінде, құрылыста және сыра жасауда қолданылады. Мата біркелкі боялуы үшін де алдын-ала карбондалады.

Дереккөздер:

Санат:Химия