Нүкіс (; ) — Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстан Республикасының астанасы. Халық саны 191 мың адамға (1996) тең.
Географиялық орналасуы Нүкіс қаласы Қарақалпақстанның орталығынада, Ташкент қаласына 800 км солтүстік-батыста орналасқан. Әмудария өзенінің оң жағасында, теңіз деңгейінен 76 м биіктікте орналасқан. Оңтүстік мен шығысында Қызылқұм шөлімен, солтүстікнде Әмудария өзенімен шектеседі. Қаланы Қызкеткен каналы кесіп өтеді.
Қаланы жақын маңдағы Қарақұм, Қызылқұм, Үстірт қыраттарының құмдары суармалы егіс алқаптарын каналдар мен пестицидтердің тиімсіз пайдалануымен бірге аймақта күрделі экологиялық жағдайды туғызды. Бір кездегі құнарлы Әмудария атырауы сортаңға айналып барады. Нөкіс қаласы да жауын-шашын аз, құмды дауылдар жиі болатын өте ыстық климаттың әсерін сезінуде.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық Нүкіс — үлкен қала. Ол өз елінде (Өзбекстан) бесінші қала және өз аймағында (Қарақалпақстан Республикасы) көшбасшы. Оның жаһандық рейтингі шамамен 1729-шы орында.
Ең жақын қалалар және оларға дейінгі қашықтық: Тақиятас (13 км), Қожалы (14 км), Ақмаңғыт (17 км), Халықабат (28 км), Кегейлі (35 км), Көнеүргеніш (40 км, Түрікменстан), Маңғыт (52 км), Шымбай (55 км), Шоманай (59 км), Қазанкеткен (65 км), Қаңлыкөл (65 км), Қараөзек (72 км), Дашоғыз (74 км, Түрікменстан), Тақтакөпір (84 км), Қоңырат (90 км), Гүрлен (93 км), Шауат (104 км), Жаңабазар (112 км).
Тарихы Ежелгі дәуірде Шурча елді мекені қала шекарасында болған. Ол Хорезм мемлекетінің құрамында болған және қорғаныс бекінісінің қызметін атқарған. Геродот бұл аймақтарды біздің дәуірімізге дейінгі 4 ғасырда мекендеген деп сипаттады. Нүкіс тарихында орта ғасырлар кезеңі туралы мәліметтер аз. Нүкіс қаласының жаңа тарихы 1860-жылдары Әмудария өзенінің оң жағалауында бекініс қонысының жанында Нүкіс ауылы пайда болған кезден басталады. Ол өз атауын бір бөлігі осы аймаққа қоныстанған Нүкістердің қарақалпақ руынан алған. Көп ұзамай орыс әкімшілігі ауылды әскери бекетке айналдырып, оны нығайтып, инфрақұрылымын жақсартты.
1932 жылдан қала мәртебесі берілген. Нүкіс Хожейлі темір жолы бекетінен 38 км жерде. 19 ғ-дың 60-жылдарында қазіргі Нүкістің орнында Нүкіс ауылы болды. 1873 жылы Қарақалпақтар Ресей империясы құрамына кіргеннен кейін Нүкісте Әмудариядағы су жүйесін бақылайтын гидрометеорологиялық станса салынды, ол Әмудария төменгі ағысындағы алғашқы және жалғыз станса болды. 1877 жылы Нүкісте бірінші орыс-түзем мектебі ашылды. 1930 жылы 12 қарашада Қарақалпақстан өлкелік партия комитетінің өткен бюро кеңесінде Нүкіс ауылын республика орталығына айналдыру туралы шешім қабылданды. Бұған дейін Төрткөл қаласы астана саналатын. 1932 жылы жаңа астананың құрылысы басталды. 1939 жылы республика мекемелер Нүкіске көшірілді. Нүкісте 1934 жылы педогогикалық институты ашылды. 1959 жылы Өзбекстан ғылым академиясының қарақалпақ бөлімшесі ашылды 1976 жылы Қарақалпақ мемлекеттік университеті ашылды. Нүкісте Ташкент ауылшаруышылық университетінің, педиатрия мен политехникалық институтардың бөлімшелері, бірнеше колледж жұмыс істейді. Онда құрылыс материалдары (кірпіш, гранит-мәрмәр з-ты) мен тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары, киіз комбинаты, жиһаз ф-касы, 2 театр, өнер, тарихи-өлкетану музейлері бар.Узбекистон Республикаси. Энциклопедия, Таш., 1997
Тұрғындар саны + Халық саны 1939 1959 1974 1991 1999 2010 2018 2025 10 39 88 180 «Современный толковый словарь»: изд. «Большая Советская Энциклопедия», 1997 199 271,4 312,1Число постоянных жителей в Республике Каракалпакстан на 1 января 2018 года 370 619
Климаты Нүкістің жазы ыстық, құрғақ және ашық болса, қысы аязды, қарлы, желді, ала бұлтты. Температура әдетте жыл бойы -8°C-тан 36°C-қа дейін ауытқиды, сирек -18°C төмен түседі немесе 40°C-тан жоғары көтеріледі.
Ыстық маусым 3,8 айға созылады, 17 мамырдан 11 қыркүйекке дейін, орташа тәуліктік максималды температура 28°C жоғары. Нүкістегі жылдың ең ыстық айы шілде айы, орташа максималды температурасы 35°C және минимум 21°C құрайды.
Суық мезгіл 3,4 айға созылады, 22 қарашадан 3 наурызға дейін, орташа тәуліктік ең төменгі температура 7°C төмен. Нүкістегі жылдың ең суық айы қаңтар айы, орташа максималды температурасы -8°C және минимум 0°C.
Экономикасы және инфрақұрылымы Қалада металл өңдеу, құрылыс, тамақ өңдеу, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, полиграфия өндірісі сияқты 50-ден астам өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Нүкісте материал өңдеу өнеркәсібі жақсы дамыған, оның ішінде ірі панельді тұрғын үй және құм-әк бетон зауыттары, құрылыс материалдары зауыттары, кірпіш және кабель зауыттары, сондай-ақ қарақалпақ-итальяндық мәрмәр өндіруші бірлескен кәсіпорны бар.
Нүкіс қаласында Өзбекстан Ғылым академиясының филиалдары, жерүсті-реинология және онкология кафедраларының филиалдары, сондай-ақ мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттары, педагогикалық институт, Қарақалпақстан университеті, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру институты және басқа да жоғары оқу орындары жұмыс істейді. Қалада 43 жалпы білім беретін мектеп, бірнеше академиялық лицей, екі спорт мектебі, екі музыка мектебі, 18 орта арнаулы оқу орындары, клубтар, кітапхана, спорт кешені, мәдениет сарайы бар. Қалада бес аурухана, емхана, дәріханалар, кеңес беру пункттері, жедел жәрдем стансасы қызмет етеді.
Дереккөздер
Санат:Нүкіс Санат:Қарақалпақстан қалалары