нобай|оңға|«Қазақтың жаңа әліпбесі», 1928 жыл Жаңа түркі әліпбиі немесе жаңәліп (, , ) — барлық түркі тілдерін латын әліпбиіне негізделген бірыңғай әліпбиге аудару жобасы.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-096-6 1929 жылы араб жазуының негізінде жасалған әліпбилердің орнына түркі тілдес республикалар мен КСРО автономиялық республикаларында ресми түрде енгізілді. 1940 жылдан бастап кириллица негізінде әліпбиге ауыстырылды. Қазіргі уақытта қолданылмайды.Karl Pentzlin, Ilya Yevlampiev. Proposal to encode four Latin letters for Jaꞑalif (PDF) (3 қараша 2008). Тексерілді, 24 қазан 2017. Мұрағатталған 15 маусым 2019 жылы.
Тарихы Түркі халықтары жазуын латын әріптеріне көшіру жайлы қарар 1926 жылы Бакуда өткен Бірінші түркітанушылар құрылтайында қабылданды. Ұзақ тартыс соңында КСРО құрамындағы түркі ұлттарының ғалымдары дауыс берді: қарарды 101 өкіл жақтап, 7 өкіл қарсы болып, 9 өкіл ғалым қалыс қалды. Сол сәттен бастап әр ұлттың филолог ғалымдары тілінің ерекшеліктеріне қарай жаңа әліппені бейімдей бастады. 1929 жылға дейін қазақтың ұлттық әліппесі ретінде Ахмет Байтұрсынұлы жасаған төте жазу қолданылып келген. Ал 1929 бен 1940 жылдар арасында жаңәліп қолданып жүрді.
Әдебиет
Дереккөздер
Санат:Татарстан тарихы