Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі — Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган. Агенттік мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды, мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылауды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен үйлестіруді жүзеге асырады.
Тарихы 1998 жылы 18 қыркүйекте Агенттік Президенттің Жарлығымен құрылды.
2014 жылы агенттік ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгімен (Қаржы полициясы) біріктіріліп, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып құрылды.
2015 жылы 11 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігі құрылды.
2016 жылы министрліктің орнына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта құрылды.
2019 жылы ол ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып өзгертілді..
2025 жылы сыбайлас жемқорлықа қарсы агенствасі ҰКК құрамына қосылды, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кей функциясы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне беріледі. Оның ішінде енді агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру мен іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі функцияны атқарады..
Қызметтің негізгі бағыттары мемлекеттік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; мемлекеттік қызметшілерді іріктеу және қызмет өткеру жүйесін жетілдіру; мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және іске асыру; сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның себептері мен жағдайларын жою;
Құрылымы Департаменттері Трансформация және цифрландыру департаменті Мемлекеттік қызметке іріктеу департаменті Қоғаммен байланыс жөніндегі департаменті Персоналды басқару департаменті Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті Әкімшілік департаменті Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Заң департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті
Басқармалары Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік басқармасы Ішкі аудит қызметі
Бағынысты ұйымдар «Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Агенттіктің облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша департаменттері
Функциялары Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат салаларында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және іске асыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру салаларында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау Мемлекеттік саяси қызметшілердің қызметін бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті адамдардың тізбесін әзірлеу; Агенттіктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерге және азаматтарға консультация беру; мемлекеттік органдарда персоналды басқару тиімділігін және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалауды жүзеге асыру; мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу; мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат салаларында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау; мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу, әлеуметтік-құқықтық қорғалу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; мемлекеттік қызмет персоналы жөніндегі автоматтандырылған бірыңғай дерекқорды (ақпараттық жүйені) қалыптастыру бойынша жалпы үйлестіруді қоса алғанда, мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілердің, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарының кадр құрамы жай-күйінің мониторингін жүргізу; Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүзеге асыру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағартуды ұйымдастыру қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау жөніндегі қызметін үйлестіру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесу және әдістемелік көмек көрсету сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау декларацияларда көрсетілген, жариялануға жататын мәліметтер тізбесін айқындау
Басшылығы Агенттіктің төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы — Жазықбай Дархан Медеғалиұлы Төрағасының орынбасары — Мүксімов Салауат Сыйлыбайұлы Төрағасының орынбасары — Ахмедьяр Әлібек Ғазизұлы Төрағасының орынбасары — Бекіш Ұлан Абдилкаилұлы Агенттік аппаратының басшысы — Имашев Данияр Муратович
Басшыларының тізімі № Аты-жөні Қызмет атқарған кезеңдері Лауазымы м.а. Судьин Александр Сергеевич қазан 1998 — ақпан 1999 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 1 Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы ақпан 1999 — тамыз 2000 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 2 Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы тамыз 2000 — 12 қыркүйек 2003 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 3 Әбдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы 24 қараша 2003 — 14 қазан 2005 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 4 Тұрысбеков Зауытбек Қауысбекұлы 14 қазан 2005 — 14 қараша 2007 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 5 Әбдірахымов Ғабидолла Рахметоллаұлы 14 қаңтар 2008 — 13 қазан 2008 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы — Орсариев Арын Амангелдіұлы м.а. 13 қазан 2008 — 24 тамыз 2009 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 6 Нұрпейісов Қайрат Айтмұхамбетұлы 24 тамыз 2009 — 1 шілде 2011 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 7 Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы 1 шілде 2011 — 6 тамыз 2014 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 8 Қожамжаров Қайрат Пернешұлы 6 тамыз 2014 — 11 желтоқсан 2015 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы 9 Донақов Талғат Советбекұлы 11 желтоқсан 2015 — 13 қыркүйек 2016 Мемлекеттік қызмет істері министрі 10 Қожамжаров Қайрат Пернешұлы 13 қыркүйек 2016 — 11 желтоқсан 2017 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы 11 Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы 11 желтоқсан 2017 — 14 маусым 2019 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы 12 Жайылғанова Анар Нұрәліқызы 14 маусым 2019 — 11 қаңтар 2022 Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы 13 Жазықбай Дархан Медеғалиұлы 11 қаңтар 2022 — бүгінгі күнге дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Дереккөздер
М