Серер — Батыс Африкадан шыққан этникалық топ. Олар Батыс Африканың бірқатар елдерінде, көпшілігі Сенегал (1,3 млн. адам, 2015 ж., бағалау) мен Гамбияның солтүстік-батысында (40 мың адам) тұрады, шамамен 5 мың адам Мавританияның оңтүстігінде тұрады. Жалпы саны 1,9 млн.Кто такие Сереры? https://dzen.ru/a/XP6_ZLpleACwzGW5?utm_referer=yandex.kz

Тілі Тілі - серер тілі, атлантикалық (батыс бантоид) тілдер тобына жатады.Большая советская энциклопедия https://dic.academic.ru/dic.nsf/bse/131777/%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%80

Діні Серер тұрғындарының 85%-ға жуығы мұсылмандар, қалған 15%-ы христиандар. Серер халқы 19 ғасырда волофтардың исламның таралуына қарсылық танытқанымен, 1910 жылдардың басына қарай серер халқының жартысына жуығы (шамамен 40%) ислам дінін қабылдады. Кейбірі әлі де дәстүрлі діни нанымдарды ұстанады.Кто такие люди Серер? https://stranatur.ru/who-are-the-serer-people.html

Тарихы Серер этникалық қауымдастығы қазіргі Мавританияның оңтүстігінде 11 ғасырда пайда болды, олар XI—XII ғасырларда Альморавидтердің исламдық экспансиясының қысымымен көшіп келді. 1186 жылы Серер Фульбемен бірге Валоның ерте саяси бірлігін, содан кейін Сенегалдың төменгі ағысында Син және Салум тәуелсіз мемлекеттерін ұйымдастырды (XIV-XIX ғғ.).Большая российская энциклопедия 2004–2017 https://old.bigenc.ru/ethnology/text/5149367

Кәсібі Серерлер қолмен атқарылатын егіншілікпен (жержаңғақ, тары, күріш) және мал шаруашылығымен (ірі қара мал) айналысады. Жағалауда - балық аулау, жержаңғақ плантацияларында маусымдық жұмыс дамыған.Народы и культуры Серер https://travel-journal.ru/ethno/45/1242/Большая советская энциклопедия Серер https://gufo.me/dict/bse/%D0%A1%D0%B5%D1%80%D0%B5%D1%80

Өмір салты Үлкен отбасылық қауымдастықтар дәстүрлі әлеуметтік ұйымның негізін құрайды. ХХ ғасырдың ортасында матрилиндік қарым-қатынас сақталды. Отбасы ішінде некеге тұруға тыйым салынады. Билік ақсақалдар кеңесіне тиесілі.

Дәстүрлі тағамы - чере олардың сүйікті тағамы, тары кускусының бір түрі.

Музыкада барабан немесе сабар танымал аспап болып табылады. Тассу дәстүрі сияқты ескі стильдердің кейбірі күні бүгінге дейін қолданыста.

Спортта олар әртүрлі спорт түрлерімен айналысады, дегенмен күрес (Laamb) өте танымал.народы мира / Серер http://www.etnolog.ru/people.php?id=SEREКто такие люди серер? https://ru.history-hub.com/kto-takie-lyudi-serer

Дереккөздер

Санат:Сенегал халықтары Санат:Гамбия халықтары Санат:Мавритания халықтары