Қазақстан белорустары (, ) — Қазақстандағы белорус диаспорасы. 2021 жылғы Қазақстан халқының санағы бойынша елдегі белорустардың саны 76 484 адамды құрады.

Тарихы Қазіргі Қазақстан жеріне алғашқы белорустар Кастусь Калиновский көтерілісінен кейін келе бастады (солардың ішінде белгілі тұлға Бронислав Залесский болды). XX ғасырдың басындағы Столыпин реформасы кезінде белорус шаруалары жаппай қоныс аударса, сталиндік қуғын-сүргін жылдарында Владимир Дудицкий, Петро Битель, Симон Хурсик сынды мәдениет қайраткерлері еріксіз жер аударылды.

Ұлы Отан соғысы кезеңі екі халықтың рухани жақындығын нығайта түсті. Белоруссиядан Қазақстанға 10,7 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Олармен бірге Белорус опера және балет театры мен Якуб Колас атындағы драма театрының ұжымдары Алматыға көшірілді. 1941–1942 жылдар аралығында өнерпаздар әскери госпитальдарда 40-тан астам қойылым мен концерт өткізді.

Сол кездегі тарихи сәттердің бірі — белорус опера жұлдызы Лариса Александровскаяның қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітовамен бірге Алматы мен Қарағанды клубтарында өнер көрсетуі еді. Сонымен қатар, 1942 жылы Алматы киностудиясында режиссер Владимир Корш-Саблин соғыс тақырыбындағы алғашқы белорус туындыларын («Белорус новеллалары») жарыққа шығарды.

Кейінірек, тың игеру науқаны басталғанда, мыңдаған белорус азаматтары республиканың солтүстік өңірлеріне келіп, Қазақстанның дамуына өз үлестерін қосты.

Тәуелсіз Қазақстандағы белорустар XX ғасырдың соңына қарай Павлодар, Өскемен, Астана, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау және Петропавл қалаларында белорустардың ұлттық-мәдени орталықтары құрылды. Бүгінгі таңда республика бойынша осындай оннан астам бірлестік ресми тіркелген. Ұлттық-мәдени бірлестіктердің ішінде жүйелі жұмысымен ерекшеленетін ұжымдар мен олардың жетекшілері: Алматы аймақтық мәдени орталығы — жетекшісі Л.М. Питаленко; Павлодар облыстық орталығы — жетекшісі Л.И. Богнат; Қарағандыдағы «Наследие» (Мұра) белорус мәдениеті қоры — жетекшісі А.А. Хука; Солтүстік Қазақстан облыстық орталығы — жетекшісі Р.В. Солапава; Қостанай облыстық орталығы — жетекшісі Л.В. Шевченко; Астана қаласындағы «Беларусь» орталығы — жетекшісі А.Ф. Романова.

Қазақстан белорустарының қауымдастығы өзінің ресми атауын 2002 жылғы құрылтай конференциясында бекітті. Оған дейін 10 жыл бойы «Беларусь» ұлттық-мәдени орталығы жұмыс істеп келген болатын. Оның негізін қалаушы әрі алғашқы жетекшісі — белгілі мемлекеттік қайраткер, сенатор Павел Атрушкевич.

Статистика 400px|thumb|Белорустардың Қазақстанның 2-деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірліктері бойынша қоныстануы (2025 жылдың басындағы бағалау)

+ Қазақстандағы белорустар санының динамикасы Жыл Саны Үлесі (%)1939 31 614 0,5131959 107 463 1,1541970 198 275 1,5231979 181 491 1,2351989 177 938 1,0981999 111 927 0,7482009 66 476 0,4152021 76 484 0,400

+ Қазақстан өңірлері бойынша белорустар санының динамикасы Өңір 1970 1979 1989 1999 2009 2021 Қазақстан 198 275 181 491 177 938 111 927 66 476 76 484Ақмола облысы 35 437 29 607 28 283 19 475 11 927 12 054Ақтөбе облысы 4 312 4 376 4 736 2 569 1 343 1 788Алматы 4 444 5 205 6 912 3 438 1 782 3 238Алматы облысы 4 325 4 273 4 721 2 053 879 1 578Астана 6 186 7 091 8 220 5 761 3 752 6 021Атырау облысы 1 711 1 127 1 066 347 217 480Батыс Қазақстан облысы 6 030 5 805 5 112 3 577 2 146 2 425Жамбыл облысы 4 046 4 539 3 986 1 481 602 973Қарағанды облысы 40 157 37 608 35 731 21 579 13 370 14 488Қостанай облысы 38 141 35 514 35 404 25 018 15 171 16 495Қызылорда облысы 2 615 2 954 816 215 112 195Маңғыстау облысы 1 471 1 547 1 697 612 260 441Павлодар облысы 12 618 11 511 12 293 8 781 5 419 5 672Солтүстік Қазақстан облысы 23 113 17 946 16 388 11 184 6 856 6 805Түркістан облысы 3 775 3 362 3 488 1 312 641 298Шымкент — — — — — 740Шығыс Қазақстан облысы 9 894 9 026 9 085 4 525 1 999 2 792

Тағы қараңыз Беларусь — Қазақстан қатынастары Қазақстандағы украиндар

Әдебиет Беларускае замежжа // Энцыклапедыя. — Мінск : Беларуская Энцыклапедыя імя П. Броўкі, 2010. — 480 с. : іл. Цвёрдая вокладка. На беларускай і рускай мовах. ISBN 978-985-11-0534-8

Сілтемелер Қазақстан халықтары ассамблеясының сайтында белорустар туралы ақпарат

Дереккөздер

Санат:Беларус диаспорасы Санат:Қазақстан этникалық топтары