Қазақстандағы су тасқыны (2024) — 2024 жылы болған Қазақстандағы су тасқыны. Қазақстанның су басқан 10 облысында төтенше жағдай жарияланды. Елдегі су тасқыны көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат.

нобай|250x250 нүкте|Су басқан ауыл

Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің қызметтері су тасқыны салдарын жою, су тасқынына қарсы іс-шараларды, апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Хронология 27 наурыз нобай|250x250 нүкте|Зардап шеккендерді эвакуациялау пункті Елдің бірнеше өңірінен тұрғындар төтенше жағдайлар министрлігіне су тасқынына байланысты хабарласа бастады.

Статистика: ТЖМ және әкімдіктердің күшімен шамамен 60 мың текше метр еріген су сорылды, үш мыңнан астам қап төселді. Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың, ІІМ, тартылған ұйымдардың күштері мен құралдары: жеке құрамынан шамамен 2500 адам, 700-ге жуық бірлік техника, 290-нан астам бірлік су айдау және жүзу құралдары жұмылдырылды.

Астана қаласы, Маңғыстау, Қызылорда облыстары ТЖД және әскери бөлімдерінен келген күштер мен құралдар Ақтөбе, Қостанай және Ақмола облыстарында су тасқынына қарсы жұмыстарға кірісті. Су басқан тұрғын үйлерден 94 адам, оның ішінде Ақтөбе облысында 83 адам және Қостанай облысында 11 адам алдын ала эвакуацияланды, олар туыстарына және жақын маңдағы қауіпсіз елді мекендерге орналастырылды.

Эвакуация: Қостанай облысы Екідің, Қызыл Жұлдыз ауылдарының тұрғындарын эвакуациялау жүргізілуде.

28 наурыз Статистика: ТЖМ және ЖАО-ның күшімен 1,7 миллион. астам текше метр еріген су сорылды, 82 мыңнан астам қап және 20 183 тонна инертті материал төселді. Ауа температурасының күрт көтерілуі, жауын-шашынға байланысты Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында су басу қаупі сақталады.

Шығын: 297 жеке тұрғын үй су астында қалып отыр. 100-ден астам жол төсемі арқылы су жүріп, 18 жол төсемін су шаю фактілері тіркелді, оның ішінде 2 көпір қирады.

Эвакуация: Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының су басқан елді мекендерінен 2 054 адам эвакуацияланды. Оның 960-ы Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендерінің тұрғындары уақытша орналастыру пункттерінде қалды. Сонымен қатар әуе кемелерімен 321 адам эвакуацияланды.

29 наурыз нобай|250x250 нүкте|Зардап шеккен тұрғындар баррикада тұрғызуда Статистика: ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 3,2 миллион м3 астам еріген су сорылды, 188 мыңнан астам қапшық және 37,9 тонна инертті материал төселді. Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ұлытау және Абай облыстарында 5 447 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Уақытша орналастыру пункттерінде 3 109 адам. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 586 адам эвакуацияланды.

Шығын: Қазіргі уақытта 683 жеке тұрғын үй және 75 саяжай үйі, 416 аула аумағы су астында қалып отыр. Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Абай және Ұлытау облыстарында көлік қатынасынсыз қалған 45 елді мекен бар.

Төтенше жағдай: Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Абай, Ұлытау және Ақмола облыстарының әкімдіктері жергілікті ауқымдағы ТЖ режимдерін жариялады.

Құтқарушылар құрамы: Апаттық-құтқару жұмыстарына 6000-нан астам адам, 2000-ға жуық бірлік техника, 603 бірлік су айдау құралдары және 57 бірлік жүзу құралдары, 10 әуе кемесі ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

23x23 нүкте Ақтөбе облысы: 21-28 наурыз аралығында облыс бойынша барлығы 729 996м3 су сорылды, 88 535 дана қапшықтар және 10 039 тонна инертті материалдар төселді. Облыс бойынша 244 үй су астында қалды. 2987 адам эвакуацияланды. Эвакуацияланғандар уақытша пункттер және туыстарының үйінде жіберілді. Сондай-ақ 129 бас ірі қара мал қауіпсіз аймаққа эвакуацияланды. 1735 адам, 343 бірлік техника, 62 мотопомпа, 8 жүзу құралы жұмылдырылды.

20x20 нүкте Қостанай облысы: Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылында еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілді. Абай, Палуан және Боданов көшелерінде орналасқан тұрғын үйлердің аулаларында 7482 м3 су бұрылды, су деңгейі 10-15 см-ге төмендеді. Қостанай облысы Амангелді ауданының Амангелді ауылынан 9 шақырым жерде орналасқан Шыңтас фазендасынан қайықты пайдаланып 5 адам құтқарылды. Сонымен қатар, өрт сөндіру сорғы станциясын, мотопомпаны пайдалана отырып, 10 мың текше метр су сорылды.

30 наурыз Статистика: ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 3,5 миллион астам м3 еріген қар суы сорылды, 288 мыңнан астам қапшық және 44,7 тонна инертті материал төселді.

Құтқарушылар құрамы: Апаттық-құтқару жұмыстарына 6000-нан астам адам, 2000-ға жуық бірлік техника, 644 бірлік су айдау құралдары және 61 бірлік жүзу құралдары, 12 әуе кемесі ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, ҰҰ, жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

Эвакуация: Түркістан, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ұлытау және Абай облыстарында 10 587 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Абай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 5 497 адам орналастырылды. Бұл ретте тартылған әуе кемелерімен 747 адам эвакуацияланды.

1 сәуір Статистика: Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 4,6 миллион. астам м3 еріген қар суы сорылды, 370 мыңнан астам қапшық және 728 мың тонна инертті материал төселді.

Құтқарушылар құрамы: Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, ҚМ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 8 458 адам, 2 124 техника, 808 су айдау құралы және 65 жүзу құралы, 12 әуе кемесі жұмылдырылды

Эвакуация: Жұмылдырылған күштермен және құралдармен 13 659 адам құтқарылды және эвакуацияланды. Бұл ретте мемлекеттік авиацияның тартылған әуе кемелерімен 1655 адам эвакуацияланды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Атырау, Қостанай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 6 034 адам бар.

Шығын: 309 жеке тұрғын үй мен 759 аула аумағынан су шығарылды. Бұл ретте 1 257 жеке тұрғын үй мен 400 аула аумағы су астында қалып отыр. Су шайған 55 автожол, оның ішінде 1 көпір және 54 жол төсемі бақылауда. 49 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.нобай|Зардап шеккен азаматтар эвакуациялануда|250x250 нүкте 2 cәуір Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай жарияланды.

Статистика: 1 сәуірде еріген қар суының келуіне байланысты Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Тереңсай бөгетінің толып кету және Айке ауылының су басу қаупі туындады. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері ТЖМ және әкімдіктердің күшімен 5,3 миллион м3 астам еріген су сорылды, 579 мыңнан астам қапшық және 782 мың тонна инертті материал төселді.

Эвакуация: Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Жүргенов ауылында халықты алдын ала эвакуациялау жүргізілді, барлығы 461 адам. Су тасқыны басталғаннан бері азаматтық қорғау қызметтері 16 151 адамды құтқарып, эвакуациялады. 11 779 бас ауыл шаруашылығы жануары қауіпсіз жерлерге айдалды. Қазіргі уақытта Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында уақытша орналастыру пункттерінде 3 881 адам бар. Өткен аптада Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері су тасқыны қаупі бар аймақтардан эвакуацияланған 736 адамды қарады. 29 адамға, оның ішінде 2 балаға медициналық көмек көрсетілді.

Шығын: 320 жеке тұрғын үй мен 940 аула аумағынан су бұрылды. Бұл ретте 1 374 жеке тұрғын үй мен 375 аула аумағы су астында қалып отыр. 62 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Құтқарушылар құрамы: Су тасқынына қарсы іс-шаралар шеңберінде ТЖМ, ҚМ, ҰҚК және ІІМ Ұлттық ұланның 20-дан астам әуе кемесі жұмылдырылды. Ұлытау, Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Абай облыстарында құтқару операциялары белсенді жүргізілуде. Әуе кемелерімен 1 757 адамэвакуацияланды, 30 тоннадан астам гуманитарлық жүк тасымалданды.

Мониторинг: Қауіпті аймақтарды тиімді бақылау және анықтау үшін авиаторлар 27 аэровизуалды ұшуды жүзеге асырды. Басты мақсат осы қиын кезеңде мұқтаж жандарға қауіпсіздік пен көмек көрсету. Су шайған 59 автожол, оның ішінде 4 көпір және 55 жол төсемі, су шайған 93 автожол бақылауда.

3 сәуір Статистика: 3 сәуірдегі жағдай бойынша елдегі су тасқынына қатысты ахуал әлі де күрделі. 6 өңірде 1 364 жеке меншік тұрғын үйді су басқан. Автожолдардың 105 учаскесінде су жайылған. 78 жол учаскесінде бүлінген жерлерді және 4 көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 64 елді мекенге көлік қатынасы жоқ.

Эвакуация: Соңғы тәулікте құтқарушылар 1 524 адамды эвакуациялады.

Қарағанды облысының аумағында қар жамылғысы шамамен 34% құрайды. Барлығы 700-ге жуық адам және 118 бірлік техника жұмылдырылды. Қостанай облысы бойынша қар жамылғысы шамамен 71%. 75 тұрғын үй мен 38 аула аумағын су басқан.

4 сәуір нобай|300x300 нүкте|2024 жыл 4 сәуірдегі Қазақстандағы ерімеген қар жамылғысы Су тасқының алдын алу үшін мұз жару, ұсақтау процесстреі жалғасуда.

Статистика: Су тасқыны басталғаннан бері Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында 1 043 жеке тұрғын үй және 298 аула аумағы су астында қалуда. 691 үй мен 1 042 аула аумағынан еріген қар суы сорылды. 18 945 адам құтқарылды және эвакуацияланды. 6,2 миллион. м3 еріген қар суы сорылды, 728 мың қап және 942 мың тонна инертті материал төселді. Су шайған 77 автожол, оның ішінде 4 көпір және 73 жол төсемі, су жүрген 114 автожол бақылауда. 63 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

23x23 нүкте Ақтөбе облысы: Қардың тез еруіне байланысты Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Қарасай ауылында 1 жеке тұрғын үй мен 2 аула аумағын су басты, бұл ретте үй тұрғындары алдын ала эвакуацияланды. Қардың еруі мен «Тереңсай» бөгетінің суға толуы салдарынан Әйтеке би ауданының Айке ауылындағы 2 жеке тұрғын үйді су басты, ауылдан Жүргенев ауылына алдын ала 297 адам эвакуацияланды. Ойыл ауданының 5 елді мекеніндегі жеке үйлерді су басуына байланысты ҚР ҚМ әуе кемелерінде Ойыл ауылы мен Ақтөбе қаласына қосымша 85 адам эвакуацияланды, 6,2 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді, сондай-ақ 2 тонна гуманитарлық жүк жерүсті жолымен тасымалданды.

20x20 нүкте Батыс Қазақстан облысы: Өңірге Президент іс-сапармен барып, су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Президентке бүгінде 6 аудан мен Орал қаласын су басқанын баяндады. Қарғын су 552 тұрғын үйге, 427 саяжай теліміне зиян келтірген. Өңір басшысының айтуынша, су тасқынына қарсы шараларға 1911 адам, 332 техника, 101 мотопомпа, 1 тікұшақ жұмылдырылған. Құтқару жұмыстарына Алматы және Маңғыстау облыстарының құтқарушылары атсалысып жатыр. Қарғын су басқан аумақтардан 6505 тұрғын көшірілген, жедел-эвакуациялау пункттері құрылған. Зардап шеккендерге біржолғы материалдық көмек көрсету үшін жергілікті бюджет есебінен 63 миллион теңге қаржы бөлінді. Су айдау, нысандардың жан-жағын топырақпен қоршау және су жүретін құбырларды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар мемлекет басшысы БҚО Қаратөбе аудан орталығындағы Қажым Жұмалиев атындағы мектеп-гимназия базасында орналасқан эвакуациялық пунктке барды.

5 сәуір нобай|250x250 нүкте|Су басқан ауыл Статистика: Су тасқыны Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында 596 жеке тұрғын үй және 334 аула аумағы су астында қалуда. 1 143 үй мен 1 013 аула аумағынан еріген қар суы сорылды. 19 459 адам, оның ішінде 8 460 бала құтқарылды және эвакуацияланды, 55 мың ауыл шаруашылығы жануары айдалды. Бұл ретте әуе кемелерімен 2 365 адам, оның ішінде 477 бала эвакуацияланды. Уақытша орналасу пункттерінде 4 037 адам, оның ішінде 1 712 бала бар. 6,6 миллион. м3 еріген қар суы сорылды, 785 мың қап және 946 мың тонна инертті материал төселді. Су шайған 88 автожол, оның ішінде 4 көпір және 84 жол төсемі, су жүрген 123 автожол бақылауда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 74 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

21x21 нүкте Солтүстік Қазақстан облысы: Петропавл қаласы, Айыртау, Тайынша, Тимирязев, Есіл, Уәлиханов, М. Жұмабаев және Ғ. Мүсірепов атындағы аудандарда ашық аумақтан еріген қар суын бұру және халыққа көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар егістіктерден еріген судың көп мөлшерде келуіне байланысты Тайынша ауданының Красная поляна ауылында 6 жеке тұрғын үйді су басып, тұрғындарды ішінара эвакуациялау жүргізілді.