Нұрбек Рахатұлы Оралбай (11 маусым 2000 жыл, Алматы) — қазақстандық әуесқой боксшы, Әлем чемпионы (2023), Жазғы Олимпиада ойындарының (2024) күміс жүлдегері, Азия чемпионы (2026).

Ауыр салмақта өнер көрсететін Айбек Оралбайдың егізі.

Спорттық мансабы 2018 жылы алдымен жастар арасындағы Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Сол жылы тамыз айында Венгрияның Будапешт қаласында жастар (18 жасқа дейін) арасындағы әлем чемпионы атанып, финалда ресейлік Даниил Тетеревті жеңдhttps://kaz.inform.kz/news/ek-ulim-da-kazakstanga-ek-altin-alip-keled-dep-umt-artamin-rahat-oralbay-c35228/і.

2019 жылы Қазақстан Республикасының 5 жылдық Спартакиадасында жеңімпаз болды.

2020 жылы Қазақстан чемпионатында күміс жүлдеге ие болса, 2021 жылы Қазақстан чемпионы атанды.

2022 жылы Амман қаласында өткен Азия чемпионатында қола жүлдені иеленді. https://olympic.kz/kk/article/30896-olimpiada-2024-bokser-nurbek-oralbay-proydet-proverku-na-prochnost-v-odnom-iz-samom-konkurentnom-vese

Әлем чемпионаты (2021) Күні Боксшы Есеп Қарсылас Өтетін орны Кезең 28 қазан 2021 Нұрбек Оралбай 5–0 Исайяс Фильо Белград, Сербия 1/16 финал 31 қазан 2021 Нұрбек Оралбай 5–0 Пал Ковач Белград, Сербия 1/8 финал 3 қараша 2021 Нұрбек Оралбай 0–5 Владимир Мирончиков Белград, Сербия Ширек финал

Әлем чемпионаты (2023) Өзбекстанның Ташкент қаласында бокстан әлем чемпионатында Нұрбек Оралбай 80 келі салмақта сынға түсті. Ол әлем чемпионы атағы үшін финалдық кездесуде Қытай елінің атынан сынға түскен этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды жеңіп әлем чемпионы атанды. https://egemen.kz/article/342083-qazaq-pen-qazaqtynh-basekesi-nurbek-oralbay-alem-chempiony-atandy

Күні Боксшы Есеп Қарсылас Өтетін орны Кезең 7 мамыр 2023 Нұрбек Оралбай 5–0 Каан Айкутсун Ташкент, Өзбекстан 1/8 финал 10 мамыр 2023 Нұрбек Оралбай 5–0 Хуссейн Ишаиш Ташкент, Өзбекстан Ширек финал 12 мамыр 2023 Нұрбек Оралбай 4–1 Имам Хатаев Ташкент, Өзбекстан Жартылай финал 14 мамыр 2023 Нұрбек Оралбай 4–1 Тохтарбек Танатхан Ташкент, Өзбекстан Финал

2024 жылғы Жазғы Олимпиадаhttps://olympics.com/en/paris-2024/athlete/nurbek-oralbay_1932824 Күні Боксшы Есеп Қарсылас Өтетін орны Кезең 29 шілде 2024 Нұрбек Оралбай 3–2 Каллум Питерс Париж, Франция 1/8 финал 2 тамыз 2024 Нұрбек Оралбай 5–0 Мурад Аллахвердиев Париж, Франция Ширек финал 6 тамыз 2024 Нұрбек Оралбай 3–2 Кристиан Пиналес Париж, Франция Жартылай финал 10 тамыз 2024 Нұрбек Оралбай 2–3 Александр Хижняк Париж, Франция Финал

Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылғы ойындарға боксты қосатынын хабарлады. Алайда ерлерде 7 салмақ (55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 80 кг, 90 кг, +90 кг), ал әйелдерде 7 салмақ дәрежесі (51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг) қалатын болды.

2026 жылғы Азия ойындары алында Нұрбек Оралбай жаңа 90 кг салмаққа ауысатын болды.

Жеке өмірі Нұрбек Оралбайдың егіз бауыры Айбек Оралбай да әуесқой бокспен айналысады.

Марапаттары «Парасат» Ордені (2024 жылғы 14 тамыз)

Дереккөздер

Санат:Қазақстан боксшылары Санат:2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Санат:Бокстан әлем чемпиондары Санат:Бокстан Азия чемпиондары