Әзербайжан вице-президенті () — Президенттен кейінгі Әзербайжандағы екінші ең ықпалды лауазым. Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бұл лауазымды 2016 жылғы 26 қыркүйекте құрды да, оған әйелін тағайындады.
Әлиев лауазымынан кетсе, Әлиева оның міндетін орындайтын еді. Әлиевті авторитар көшбасшы деп атаған сыншылардың көбі бұл лауазымның құрылуы Әзербайжандағы әулеттік билікті нығайту үшін жасалған дейді.
Елде ресми түрде бірнеше вице-президенттер бар, олардың бастысы Әзербайжан бірінші вице-президенті делінеді. Қазіргі күнге дейін Әлиева — вице-президенттікке ие болған жалғыз адам.
Құрылуы Лауазым 2016 жылғы 26 қыркүйекте өткен референдум нәтижесінде болған конституциялық өзгерістер кезінде құрылды. Реформалар президентке Бірінші вице-президент пен өзге вице-президенттерді лауазымына тағайындау, одан босатуға құқығын берді.
Өкілеттігі Президенттің отставка жариялаған кезінде, не өкілеттігін орындай алмаған жағдайында оның міндетін вице-президент атқаратын болады. Бұл лауазымның құрылуына дейін бұл өкілеттік премьер-министрге берілетін еді, қазір премьер-министр президенттік сабақтастығы тізімінің екінші орнында.
Әзербайжан президентінің мерзімінен бұрын лауазымынан кеткен жағдайында елде келесі 60 күн ішінде келесі президент сайланады. Жаңа президент сайлануына дейін мемлекет басшысы өкілеттігін вице-президент орындамақ.
Вице-президент халықаралық және үкіметаралық келісімдерге президенттен рұқсат алып ғана қол қоя алады.
Жарамдылық Вице-президент болуға жоғарғы білімі мен дауыс беру құқығы бар және өзге мемлекетке борышы жоқ Әзербайжан азаматтары ғана жарамды.
Иммунитет Қылмыс үстінде ұсталған жағдайларды қоспағанда, вице-президентті қамауға алуға немесе тінтуге болмайды. Әзербайжан вице-президентінің иммунитетін Әзербайжан Бас прокурорының ұсынысы бойынша Әзербайжан президенті ғана тоқтата алады.
Вице-президенттер тізімі № Суреті Аты-жөні Өкілеттігін бастады Өкілеттігін аяқтады Өкілеттігі Сайлануы Партиясы Лауазым бос (26 қыркүйек 2016 – 21 ақпан 2017) 100x100px Мехрибан Әлиева Mehriban Əliyeva 21 ақпан 2017 Қазіргісі — Жаңа Әзербайжан
Тағы қараңыз Әзербайжан президенті
Дереккөздер