Стаматиос Николопулос — 1896 жылы Афинада өткен Жазғы Олимпиада ойындарына қатысқан грек велошабандозы. Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері.
Спорт Олимпиада ойындарында Николопулос 333 метр және 2 километр қашықтықтарындағы жарыстарға қатысты, әрқайсысында француз Поль Массоннан кейін екінші орынды иеленді. 2 километрлік жарыстағы уақыты — 5:00.2. Ал 333 метрлік жарыстың алғашқы кезеңінде ол Адольф Шмальмен 26.0 секундпен екінші орынды бөлісті. Кейінгі жарыс-сайыста Шмальді жеңіп, жеке өзі екінші орынды иеленді. Бұл жарыстағы уақыты — 25.4 секунд болды.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:Грек велошабандоздары Санат:Грекия велошабандоздары Санат:Веложарыстан Олимпиада жүлдегерлері