Эльмира Қуанышқызы Бекмұрзаева — медицина ғылымының докторы (2006), профессор (2010).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1970 жылы 13 маусымда Шымкент қаласында туған.

Алматы мемлекеттік медицина институтын (1993, қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті), Шымкент мемлекеттік медицина институтының аспирантурасын (1996) бітірген. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында оқытушы, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2009 жылдан Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында оқытушы, кафедра меңгерушісі.

Ғылыми еңбектері "Қазіргі таңдағы мұнай өңдеу өндірісі жұмысшыларының асқорыту мүшелері ауруларының түзілуінің клиникалық-гигиеналық ерекшеліктері" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 60-тан астам ғылыми жарияланымның, 2 патенттің авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар