Мұхаммед Әмин хан (1817–1855) — 1845–1855 жылдары билік құрған, Хиуа хандығының өзбекВеселовский Н.И., Очерк историко-географических сведений о Хивинском ханстве. Спб, 1877, с.244 қоңыраттар әулетінен шыққан жетінші билеушісі.

Өмірбаяны 1845 жылы Рахымқұл хан (1842–1845) қайтыс болғаннан кейін, Хиуа хандығында билікке оның інісі Мұхаммед Әмин хан келді.

​Мұхаммед Әмин ханның билігі кезінде (1845–1855) орталық биліктің көшпелі тайпаларды бағындыруға бағытталған әрекеттері біраз нәтиже берді. Мұхаммед Әмин хан Мерв пен Хорасанға 10-нан астам жорық жасады.

Мұхаммед Әмин ханның билігі кезінде Ресей, Осман империясы, Иран және Ауғанстанмен дипломатиялық қарым-қатынастар сақталды. 1846 жылғы желтоқсанда Орынборға Хиуа елшілері — Қылыш Ниязмухаммедов пен Шукруллабай Мискинов келді. 1847 жылғы 9 наурызда олар Санкт-Петербургке жетті. Елшілер Ресейдің Сырдария сағасына таяу салған Райым бекінісін бұзу мәселесін көтерді, бірақ I Николай бұл өтініштен бас тартты. 1847–1848 жылдары Хиуа жасақтары мен патша әскерлері арасында ұсақ қақтығыстар орын алды. Сәттілікке жете алмаған Мұхаммед Әмин хан мәселені шешудің бейбіт жолына қайта көшті. 1850 жылы Санкт-Петербургте Хиуа елшісі Қожа Мехрем Аллабердыев болды. Соған қарамастан, бекініске қатысты барлық келіссөздер нәтижесіз аяқталды.Гуломов Х.Г., Дипломатические отношения государств Средней Азии с Россией в XVIII — первой половине XIX века. Ташкент, 2005, с.254–256

Мәдениет саласындағы саясаты ​Мұхаммед Әмин ханның билігі кезінде Хиуада оның есімімен аталатын ең үлкен медресе салынды. Бұл медреседе 260 студент білім алды. Медресе ғимаратын күтіп ұстауға, студенттер мен оқытушылардың шығындарын өтеуге хандықтың әртүрлі аймақтарынан көптеген жер телімдері бөлінді. thumb|Мұхаммед Әмин хан медресесі ​Сонымен қатар, әйгілі Қалта минар мұнарасының құрылысы басталды. Тарихшы Агехи осы кезеңде Хорезм тарихын жазып қалдырды. thumb|Қалта минар мұнарасы

Қаза табуы ​1855 жылы хорезмдіктер қазіргі Оңтүстік Түрікменстан аумағын жаулап алу әрекетін жасады. Серахс түбіндегі Хиуа әскеріне қарсы шешуші шайқаста түрікмен-текелер оларға күйрете соққы беріп, шайқас барысында Мұхаммед Әмин хан мен оның 30-ға жуық сарай шенеунігі қаза тапты. 1856 жылы Хиуа хандығында билікке Сейіт Мұхаммед хан (1856–1864) келді.

Әдебиет Гуломов Х.Г., Дипломатические отношения государств Средней Азии с Россией в XVIII — первой половине XIX века. Ташкент, 2005 Гулямов Я.Г., История орошения Хорезма с древнейших времен до наших дней. Ташкент. 1957 История Узбекистана. Т.3. Т.,1993. История Узбекистана в источниках. Составитель Б.В. Лунин. Ташкент, 1990 История Хорезма. Под редакцией И.М. Муминова. Ташкент. 1976.

Дереккөздер

Санат:Қоңырат әулеті Санат:Хиуада таққа отырғандар Санат:Хорезм билеушілері Санат:Серахста қайтыс болғандар