Гүлмира Әмірханқызы Қанай (1986 жылғы 12 қаңтар, Тараз, Жамбыл облысы) — қазақстандық ғалым, білім беру саласының зерттеушісі, PhD докторы. Білім беру менеджменті, мұғалімдердің көшбасшылығы және педагогикалық білім беру мәселелері бойынша маман. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры (2021–2025), Назарбаев университетінің вице-президенті (2026).
Өмірбаяны Білімі Кембридж университеті, Білім беру факультет, PhD (Philosophy Doctor), «Қазақстандағы мұғалімдердің көшбасшылығын дамыту» тақырыбы (2015–2019)
Уорвик университеті, Магистр (Үздік), «Ұлыбритания және Қазақстан университеттеріндегі академиялық кадрларды дамыту» (2010–2011)
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Бакалавр (үздік), «Лингвист: ағылшын тілі мұғалімі» (2003–2007) Магистр, «Аударма ісі» (2007–2009)
Ғылыми қызметі Гүлмира Қанайдың докторлық зерттеуі Қазақстан мектептеріндегі мұғалімдердің көшбасшылығын дамыту мәселесіне арналған. Ол «Қазақстандық мұғалімдердің көшбасшылығы» ғылыми жобасының жетекшісі болып табылады.
Зерттеу бағыттары: білім беру саласындағы көшбасшылық және менеджмент мұғалімдердің көшбасшылығы педагогикалық білім беру оқыту үдерісін ұйымдастыру
Еңбек жолы 2007 жылдан бастап Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті оқытушысы
2011–2012 жылдары Назарбаев университеті Халықаралық ынтымақтастық департаментінің консультанты
2012–2014 жылдары — сол департаменттің менеджері
2014–2020 жылдары — Назарбаев университеті Қабылдау департаментінің аға менеджері
2020 жылдан — Назарбаев университеті Жоғары білім беру мектебінің постдокторанты
2021–2025 жылдары Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті басқарма төрағасы – ректоры.
2026 жылдың қаңтар айынан бастап Назарбаев университеті вице-президенті болып тағайындалды.
Қоғамдық жұмысы Қазақстандық білім зерттеушілері қауымдастығының (KERA) және American Educational Research Association мүшесі.
Басылымдар The teacher leadership in Kazakhstan initiative: professional learning and leadership (Taylor and Francis)
Google Scholar – Gulmira Qanay
Дереккөздер
Санат:Кембридж университеті түлектері Санат:Профессорлар