Украин православие шіркеуі — Киев патриархаты (УПШ–КП; ) — Украинада 1992 жылдан 2018 жылға дейін болған тәуелсіз православие шіркеуі. Соборы Киевтегі Әулие Владимир соборында еді.
Өз-өзінің автокефалиялығын 1992 жылы жариялаған УПШ–КП-ны өзге православ шіркеулері мойындамай жүрді. Мәскеу патриархаты мен Константинополь патриархаты оны «бөлініп кеткендер» деп таныды. 1995 жылы шіркеудің басшысы болып патриарх Филарет (Денисенко) сайланды да, 1997 жылы Орыс православие шіркеуі оны мүшелер қатарынан қуып жіберді. Бұл шешімді УПШ–КП синоды танымады. 2018 жылғы желтоқсанда Украина православие шіркеулері бірлестіруші соборының шешімінше УПШ–КП Украин автокефалиялық православие шіркеуімен (УКПШ) бірігіп, Украина православие шіркеуіне (УПШ) айналды. Константинополь патриархаты көп ұзамай 2019 жылғы қаңтарда УПШ-ға автокефалия мәртебесін берді.
Филарет пен жаңадан құрылған УПШ-ға басшылық еткен Епифаний келіспеушілікке келді де, Филарет 2019 жылғы 20 маусымда Киев патриархатының қайта құрылғанын жариялады. УПШ–КП-ны еш ірі шіркеу мойындамай қойды, онымен евхаристияға ешкім келмеді. Дәл қазір УПШ–КП-ны он төрт автокефалиялық шіркеулер қатарынан тек төртеуі таниды: Константинополь православие шіркеуі, Александрия православие шіркеуі, Эллада православие шіркеуі мен Кипр православие шіркеуі.
Басшылары УПШ–КП басшылары патриарх делінеді. Олар жылдар бойы осылай өзгерді: митрополит Филарет (1990–1992) патриарх Мстислав (1992–1993) патриарх Владимир (1993–1995) патриарх Филарет (1995–2018) патриарх Филарет (2019–2026) патриарх Никодим (2026–)
Дереккөздер
Санат:1992 жылы Украинада пайда болғандар Санат:2019 жылы Украинада пайда болғандар Санат:1992 жылдағы дін Санат:1992 жылы пайда болған ұйымдар Санат:2019 жылы пайда болған ұйымдар