Генерал Асқаров (14.5. 1940, Созақ ауданы Шолаққорған ауылы – 21.5.1999) – белгілі күйші, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияны бітірген (1963). Ол күйшілігімен қатар «Сен ғана», «Ақын қызға арнау ән», «Неге сүйдім бұлбұл құсты», «Сенің көзің», т.б. әндер шығарған. Күйлерді шебер орындаумен бірге өзі де бірқатар күйлер шығарған («Дала еркесі», «Ақ шабақ», «Сенім күйі»). 1987 ж. консерваторияның шақыруымен «Сүгір күйлері» класы бойынша студенттерге дәріс берген. Созақ ауданының құрметті азаматы.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы. Сілтемелер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Генерал Асқаров · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.