Бақытөмір Шалғынбай (1958 жылы туған) — белгілі қазақстандық журналист, баспагер, Шығыс Қазақстан облысы және Абай облыстарының мәдениет пен баспасөз саласына еңбек сіңірген қайраткері.«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің мұрағаты. Тексерілді: 27 тамыз 2026.

Өмірбаяны Бастауыш сыныптарды 1966–1969 жылдары Камал Кәдіржанов атындағы Қызылқия орта мектебінде оқып, 1969–1976 жылдары Дулат Бабатайұлы атындағы Аягөз қалалық мектебін он жылдықты аяқтаған. Алматы қаласындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. 1976–1978 жылдары Совет Армиясы қатарында болған.

Журналистік еңбек жолын 1983 жылы бұрынғы Семей облысы, Таскескен аудандық «Еңбек» — «Труд» газеттерінде тілші болып бастаған. 1986 жылдан ҚР Журналистер Одағының мүшесі.Абай облысы Аягөз ауданы әкімдігінің ресми ақпараттық порталы: Ауданның құрметті азаматтары мен зиялылары. Тексерілді: 27 тамыз 2026.

Аягөз ауданының «Құрметті азаматы», мемлекеттік «Құрмет» орденінің иегері, «ҚР Бас редакторлар Клубының» мүшесі, осы Клубтың медалінің, «Евразиялық суретшілер және дизайн одағының» арнайы медалінің, «Алаштың 100 жылдығы» медалінің, «ҚР Қазақ хандығының 550 жылдығы» медалінің, «ҚР Тәуелсіздігінің 25–30 жылдығы» медалінің, «ҚР Үздік өлкетанушы» медалінің, «Абай облысына еңбегі сіңірген» үшін төс белгісімен және ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Алғыс хаты» мен 3 мәрте және де ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Алғыс хатымен» 2 мәрте марапатталған. Бала кезінен өлең, мақалалары әр деңгейдегі басылымдарда жарық көрген.

1987 жылы Аягөз ауданындағы «Алға»—«Вперед» газетінде, 1992 жылдан республикалық «Жас Алаш» газетінде, 1998 жылдан әр деңгейдегі баспасөздерде журналистік қызмет атқарған. 2007 жылдың басынан облыстық «Мөлдір сана» қоғамдық-әдеби газетінің бас редакторы.«Мөлдір сана» қоғамдық-әдеби газеті мен «Аягөз әлемі», «Шығыс әлемі» журналдарының баспа мұрағаты // ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының тіркеу мәліметтері. — Алматы. «Аягөз әлемі», «Шығыс әлемі» журналдарының шығарушысы. Республикалық «Сокральді Қазақстан» қоғамының, Аудандық тұрғын үй комиссиясының, Аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі. Ол аудандағы көптеген жас журналистер мен қаламгерлердің тәрбиешісі.

Шығармалары 20-дан астам кітаптың авторы және 100-ден артық кітаптың редакторы. «Ар соты», «Өлгеннен соңғы үш күн», «Құрыштан құйған құдірет» повестері мен көптеген әңгіме, новелла, очерктері көпке танымал.Қазақстан жазушылары мен баспагерлерінің библиографиялық анықтамалығы. — Алматы: Атамұра, 2015. Публицистикалық еңбектері мен мақалалары 40 жылдан бері әр түрлі басылымдарда жарияланып келеді.

«Ұстаз ғұмыр», «Айтылмаған сыр», «Тарбағатайды тербеген ән» «Аяулы мекен Аягөз» «Менің шәкіртім — менің бақытым» «О дүние» «Өтті жылдар осылай» «Қиядағы қырандар» «Киелі аймақ»

Дереккөздер

Санат:Қазақстан журналистері