Сарыой – Бетпақдаланың оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының орта тұсында орналасқан үстірт.

Жер бедері Теңіз деңгейінен 235-255 м биіктікте жатыр. Оңтүстігінде Оба тауы (286 м) орналасқан. Үстіртті жазықтың жер бедері тегіс келген. Солтүстік бөлігі сай-жырлармен, құрғақ арналармен сәл тілімденген. Оңтүстік-шығысынан жазда кеуіп қалатын бірнеше шағын сауда бастау алады. Олар Шу өзенінің орта ағысына келіп құяды. Сарыой үстіртінің батысынан жазда кеуіп қалатын біршама ұзын Қаратал өзені ағып өтеді.

Өсімдігі Жер бедеріне шөлге тән жусан, сарықау, күйреуік, баялыш, теріскен, ши, т.б. сораң шөптер өседі. Үстірт қысқы мал жайылымы саналады.Тараз энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы таулары