Орта Тентек – Алакөл алабындағы өзен.
Географиялық орны Жетісу облысының Сарқан, Алакөл аудандары жерімен ағады.
Бастауы Шығыс Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздықтардан басталып, Тоқжайлау ауылынан солтүстік-батысқа қарай жерде Тентекке құяды.
Гидрологиясы Ұзындығы 93 км, су жинайтын алабы 1670 км2. Арнасы тік шатқалдар арасымен өтеді. Ағыны қатты, суы мол. Мұздық және жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы Бибақан аумағы тұсында 22,8 м³/с.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том
Дереккөздер
Санат:Алакөл ауданы өзендері Санат:Сарқан ауданы өзендері Санат:Алакөл су алабы