thumb|
Лусон (Luzon) — Филиппин топаралындағы ең ірі арал.
Ауданы 105,6 мың км². өз. 750 км, ені 270 км. Оңтүстік жағалауы көптеген шығанақтармен тілімделген. Жер бедері негізінен таулы, биіктігі 2934 м-ге (Пулог тауы) дейін жетеді. Лусонда бірнеше әрекетті жанартау (Майон жанартауы, биіктігі 2462 м, т.б.) бар. Алтын, хром, мыс және темір кен орындары ашылған. Климаты субэкваторлық муссондық. Ауаның орташа температурасы солтүстігінің жазық бөлігінде 23 — 25ӘС, оңтүстігінде 27 — 29ӘС. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 2000 — 3000 мм. Өзендерінің суы мол. Тауда субэкваторлық және муссондық орман өседі, аңғарлары — саванна. Күріш, қант қамысы, жүгері, темекі, абака және кокос пальмасы өсіріледі. Лусонда Филиппиннің астанасы Манила және ірі порты — Кесон-Сити орналасқан.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
Дереккөздер
Санат:Филиппин аралдары