Вахня - қиыр шығыс навагасы () – навагалар туысына жататынбалық.Денеұзындығы 53 см дейін - салмағы 1,1 кг дейін. Солтүстік Мұзды мұхиттың азиялық және американдық жағалаулары және Тынық мұхиттың солтүстік жағалау аймақтарында тіршілік етеді. ТМД-да Чукотск, Берингов, Охотск және Жапон теңіздерінде кездеседі. Топтасып тіршілік ететін балықтар - кейде эстуарияларға да енеді. Жыныстық жетілуі 2-3 жылда аяқталады. Уылдырық шашу уақыты желтоқсан-ақпан айларында. Уылдырығы тұңбалы - желімді. Уылдырықтарының саны 25-210 мыңға тең. Омыртқасыздар және басқа ұсақ балық түрлерімен қоректенеді. Кәсіпшілік нысаны.Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3

Дереккөздер

Санат:Трескатәрізділер