Перцентиль () - есептеу үшін қабылданған экологиялық нормативтің шамасы тұсында талданып отырған жағымсыз фактордың әсерінен қорғалмайтын экожүйелер ауданының үлесі (%-ға шағылған). Термин экожүйелердің қорғалу жүйесін есептеу кезінде халықаралық практикада көп қолданылады (атап айтқанда, ауаның шалғай қашықтықтарға шекарааралық ластануы туралы конвенция шеңберінде). Мысалы, 5- персентильдік карта дегеннің мәнісі онда келтірілген ақпарат экожүйе аумағының 95%-ының қорғалуын қамтамасыз етеді деген сөз.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер
Санат:Экология Санат:Табиғатты қорғау