Камали Жұматайұлы Дүйсембеков (қараша-желтоқсан 1924 -- 1 ақпан 2018), партия, кеңес қызметкері.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Арғын тайпасы Қуандық руының Қареке бөлімінен шыққанАлтай шежіресі, жауапты редактор -- Хакім Омар, Құрастырушы Ісләмов Ібрахым (Жақан). Алматы, «Темірқазық» баспасы, 2014. Әкесі Жұматайұлы Дүйсембек, шешесі - Бегімқызы Іңкәр (руы Мұрат).http://inkaraganda.kz/articles/152434 Туған жері қазіргі Бұқар жырау ауданындағы Ақбастау аулының жанындағы Өртен-Жал, Жанбас-бұлақ ауылы.
Ұлы Отан соғысына қатысушы. Спасск кентінің түлегі. Қазақстан КП ОК жанындағы партия мектебін бітірген (1953). Соғыстан кейін Қазақстан Компартиясы Ворошилов аудандық комитетінің насихатшысы, бөлім меңгерушісі, Жаңаарқа аудандық комитеттің хатшысы, ауатком төрағасы болады. 1965-1980 жылы Шет аудандық партия комитетінін 1-хатшысы, 1980-1985 жылдары Жезказған облысы полиграфия және баспа басқармасын басқарды. 1985 жылдан зейнеткер. Дүйсембеков майдандағы ерліктері үшін «Даңқ» орденінің 2-дәрежесімен 2 мәрте және 3-дәрежесімен, 1-және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, жауынгерлік медальдармен марапатталған. Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысушы. Бейбіт жылдары Октябрь революциясы, Еңбек Кызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерінің иегері болды. Қарағанды қаласының құрметті азаматы. Отбасы Әйелі: Марфуға Түсіпбекқызы (руы - Мұрат) Ұлдары: Сайын, Ғалым, Мейрам. Қыздары: Роза, Жания, Бақыт, Гүлжанат, Гүлнұр, Ләззат, Жанай.
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы тұлғалары Санат:Қарағанды облысының құрметті азаматтары