Болат Кайроллаұлы Қонарбай (2 шілде, 1966 жыл, Атырау облысы Құлсары ) - Мәжіліс депутаты.

Өмірбаяны Воронеж №24 техникалық училищесін (1984) бітірген. Орал орман техникалық институтын (1989) бітірген. Волгоград ауыл шаруашылық академиясын (1989) бітірген. 1985 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1989 жылдан - Гурьев облысы Қазақстан ЛЖКК Ембі аудандық комитетінің жанындағы жастар бастамасы Қорының төрағасы. 1991 жылдан - «Жұлдыз» ШК директорының орынбасары, директоры. 1997 жылдан - «Болсат» ЖШС директоры. 1998 жылдан - «Жылыой нан» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 1999 жылдан - «Жаңа-жол-1» ЖШС бас директоры. 2006 жылдан - Атырау облыстық кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер ассоциациясының төрағасы. 2007 жылдан бері - Қазақстан Парламенті Мәжiлiсі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі.

Қоғамдық қызметі «Атамекен» одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының Үйлестіру кеңесінің мүшесі (2005-2007) ҚР Президентінің жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің мүшесі (2005-2007) «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалының төрағасы (2007-2008) «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2007 жылдың шілде айынан бері).

Марапаттары «Құрмет» ордені

Отбасы Үйленген. 4 баласы бар.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:2 шілдеде туғандар Санат:1966 жылы туғандар Санат:Құлсарыда туғандар Санат:Орал мемлекеттік орман-техникалық университеті түлектері Санат:Волгоград ауыл шаруашылық академиясы түлектері Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің депутаттары Санат:Қазақстан Парламенті Мәжiлiсінің IV шақырылымының депутаттары Санат:Құрмет орденінің иегерлері