Евгений Матвеевич Сидоркин (7 мамыр 1930 Киров облысы - 30 қыркүйек, 1982, Алматы) — суретші, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері.Газет «Социалистік Қазақстан» 1 қазан 1982 жыл
Өмірбаяны 1957 жылы Репин атындағы архитектура, мүсін және кескіндеме институтын аяқтағаннан Қазақстанға келеді. Жұбайы - Гүлфайрус Ысмайылова
Негізгі еңбектері:
"Ақсақал" (1959) линогравюрасы, қазақ халық ертегілері тақырыбында автолитография сериялары
"Көңілді алдағыштар" (1959)
М. Әуезовтің "Абай жолы" (1960) романына иллюстрациялы сериялар
"Қазақ эпосы" (1962)
"Қазақтың ұлттық ойындары" (1964)
"Сәкен Сейфуллинді оқи отырып" (1965) әдебиетіне сериялар және т.б.
Республикалық “Өнер” баспасынан көзі тірі кезінде шыққан «Менің Қазақстаным» атты альбомы сурет шеберінің соңғы альбомы болып табылады.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8.Музыка: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы: – «Атамұра» баспасы, ISBN 978-601-306-140-5
Марапаттары Ш. Уәлиханов атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.
Қылқылам шеберінің көптеген суреттері Мәскеу, Лейпциг, Краков, Венеция, Будапешт сынды қалалардың халықаралық көрмелерге қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Қазақстандық гарфика өнері жоғары наградаларға ие болған (олардың ішінде Лейпциг және Краковтағы алтын медальдар), беделді көрмелерге қатысуы оның әлемдік деңгейдегі шеберлігін таныту факторы ғана емес, Қазақстанды әлемге танытуға бірден бір септігін тигізді.
Дереккөздер
Санат:7 мамырда туғандар Санат:1930 жылы туғандар Санат:Киров облысында туғандар Санат:30 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1982 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Қазақстан суретшілері Санат:Қазақстан кескіндемешілері Санат:КСРО суретшілері Санат:КСРО кескіндемешілері Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері