Бақыртау – Мұғалжар тауындағы Шошқакөл бұйратының батысындағы тау.

Географиялық орны Ақтөбе облысы Байғанин ауданы жерінде. Ұзындығы 30 – 35 км, енді жері 10 км, абсолюттік биіктігі 318 м.

Жер бедері Мүжілген қыраттың беті тегіс келген, суайрығы анық байқалады, беткейлері тік сай-жыралармен тілімденген.

Геологиялық құрылымы Палеогеннің құмды-саздақты шөгінділерінен түзілген.

Өсімдігі Сортаң және сұр топырағында тасбұйырғын, жусан, күйреуік, баялыш, көкпек, т.б. өсімдіктер өседі.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;

Дереккөздер

Санат:Байғанин ауданы таулары