Жаңашар — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Жаңашар ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Есік қаласынан солтүстік-батысқа қарай 15 км-дей жерде, жусан аралас астық тұқымдасты әр түрлі шөп өскен қоңыржай ылғалды белдемде орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен28783561 5645 158,5 1769 2803 158,5 1792 2842 158,6

Инфрақұрылымы Жаңашарда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу-тәжірибе шаруашылығы, шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, аурухана, клуб, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады."Қазақ энциклопедиясы"

Дереккөздер

Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері