Қызылтас – Жалпақтау тауларының оңтүстік-шығысындағы аласа тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Ақжал кентінің оңтүстік-батысында 31 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 732. Батыстан шығысқа қарай 4 км-ге созылған, енді жері 1,5 км. Беткейлері көлбеу қырқалардан тұрады. Таудың түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Етектерінде қойтас жыныстарының мол үйінділері шоғырланған. Солтүстігінде Құммола, Жуантөбе таулары, батысында Қосбұлақ бұлағы, шығысында Қызыладыр қонысы бар.
Өсімдігі Сұрғылт қоңыр топырақ жамылғысында жусан, боз, селеу, сұлыбас, қозықұлақ, бұталар өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары