Гавай антициклоны (Гавай максимумы) (ағылш. North Pacific High) — субтропиктік антициклон, яғни Гавай аралдары маңындағы атмосфералық қысымы жоғары аймақ.

Бұл аймақ Тынық мұхитының солтүстік бөлігіндегі тропиктік суларда орташа жылдық климаттық карталарда айқын көрінеді. Ол осы өңірде кең ауқымды, қуатты, жылы әрі баяу қозғалатын антициклондардың басым болуынан қалыптасады. Маусымдық орын ауыстыруға ұшырайды: жазда солтүстікке қарай жылжиды.

Бұл құбылыс аталған аймақта циклондарға қарағанда антициклондардың басым болуымен түсіндіріледі. Антициклон орталығындағы орташа қысым қаңтар айында 1022 мбардан жоғары, ал шілдеде 1026 мбардан жоғары болады1. Гавайский антициклон — статья из Большой советской энциклопедии. Хромов С. П.. .

Синонимдері:

Солтүстік Тынық мұхит антициклоны (максимум) Гонолулу антициклоны (максимум)2. Метеорологический словарь. Дата обращения: 4 апреля 2014. Архивировано 7 апреля 2014 года.

Ескертпелер:

Гавайский антициклон — статья из Большой советской энциклопедии. Хромов С. П.. Метеорологический словарь. Дата обращения: 4 апреля 2014. Архивировано 7 апреля 2014 года.