Қызылтас – Ақтау тауларының оңтүстік-батысындағы аласа тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Ақтау ауылының солтүстік-шығысында 16 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 857 м. Солтүстіктен оңтүстікке қарай бойлық бағытта 7 км-ге созылған, енді жері 2 км.

Жер бедері Беткейі көлбеу төбелерден тұрады. Таудың етегінде қорымтас үйінділері жиналған. Баурайындағы бұлақтардан жылғалар бастау алады. Шығысында Қосшоқы, оңтүстік-шығысында Қотыржал таулары, оңтүстігінде Ақсай, Талдыбұлақ, батысында Жексембі қыстаулары орналасқан.

Өсімдігі Қиыршықтасты, қоңыр топырақ жамылғысында жусан, бетеге, боз, селеу, бұталар, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары